Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

"Қылмыс алдын ала жоспарланған": Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өліміне қатысты дерек пайда болды

"Қылмыс алдын ала жоспарланған": Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өліміне қатысты дерек пайда болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Атырау облысында ерлі-зайыптының қашан өлтірілгені белгілі болды.

Атырау облысында өлтірілген ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Утешқалиеваның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, екі зейнеткер 2025 жылдың қараша айында өлтірілгені анықталды. Полиция қылмыс алдын ала жоспарлы түрде жасалғанын хабарлайды.

«2025 жылдың қараша айында Атырау облысында күдікті адам қасақана, пайдакүнемдік мақсатта және ұзаққа созылған тұрмыстық жанжалдардың салдарынан екі адамды өлтіруді алдын ала жоспарлап, қылмыс жасаған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында ол мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген», – деп хабарлады полиция.

Полицияның баспасөз қызметі отбасының кіші қызы — Акбаянға қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар