Актер Әділ Ахметов әлеуметтік желіде елімізде қолға алынған Конституциялық реформа жайында пікір білдіріп, жаңа Ата заң жобасындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау мәселесіне назар аударды.
«Сахна – тек өнер емес, ол халықтың жады. Әр рөл арқылы біз өткеннің үнін бүгінге жеткіземіз, ұлттық рухты сезінеміз. Сондықтан жаңа Конституция жобасының 40-бабында тарихи-мәдени мұраны қорғау әр азаматтың жауапкершілігі ретінде айқын көрсетілуі – уақыт талабына сай маңызды шешім деп қабылдаймын», деп жазды актер.
Оның айтуынша, бұл – ұлттық жадымызды сақтап, мәдени құндылықтарды келер ұрпаққа аман жеткізудің берік негізі.
«Мәдениетін құрметтеген қоғамның болашағы да нық болады. 15 наурыз – ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты маңызды күн. Ортақ болашақ – ортақ жауапкершілік», деп сөзін түйіндеді өнер иесі.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Алматыда Бәтима Зәурбекованың 80 жылдығына арналған көрме өтеді
- авторkyn.kz
- 1 қыркүйек, 2026
Мәдениет
Қазақстанға Энрике Иглесиас келеді: Астана әкімдігі үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




