Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

"10 жылға созылған тұман сейілсін": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінің хабарласып, кешірім сұрағанын жариялады

"10 жылға созылған тұман сейілсін": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінің хабарласып, кешірім сұрағанын жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбековаға ұлының әкесі, бұрынғы күйеуі хабарласып кешірім сұраған.

Белгілі әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін ұлы үшін кешіргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Әнші екі ай бұрын экс-күйеуі алимент төлеуі үшін өтініш берген.

“Махаббат…Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін, ол маған өзі хабарласып, өткен кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді…” – деп жазды ол.

Айтуынша, ұлы үшін экс-күйеуін кешірген. Ендігіде жақсы ата-ана болуды шешкен. 

“Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім - сіздерге рақмет!” – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар