Ақтөбеде кәсіподақ жетекшілері конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:53
- 48
Еңбек ұжымдары арасында Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Коалиция мүшелері №3 қалалық емхананың ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары таныстырылып, олардың саяси жүйені жаңғырту, заңдылық пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге қосатын үлесі түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту және өкілді билік институттарын дамыту мәселелері ерекше назарға алынды.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаты, Ақтөбе облыстық «Qamqor» денсаулық сақтау кәсіподағының жетекшісі Сабыр Қайрат сондай-ақ мәслихат депутаттары Байлиева Раиса , Тоқтаров Қайырбек және Жалимбетова Раушан қатысты. Олар реформалардың әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызын атап өтіп, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бағытындағы мемлекеттік шаралар туралы айтты.
Медицина қызметкерлері қоғамға қызмет етудің алдыңғы шебінде болғандықтан, олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік бастамаларды талқылауға қатысуы айрықша мәнге ие.
Емхана ұжымы талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Кездесу ашық әрі конструктивті диалог форматында өтті.




