Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

«Бәрі енді басталатын сияқты»: чемпиондық белбеуінен айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

«Бәрі енді басталатын сияқты»: чемпиондық белбеуінен айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлы өзінің қиындыққа сынбай, керісінше шыңдала түскенін айтты.

International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырыл кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

"Сыналдық, бірақ сынбадық! Керісінше, шыңдалдық! Шешімдер шықты: IBF кетті, WBO қалды.

Қалай болғанда да, қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын. Бір титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса, 8 айдан соң рингке шығамын. Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтаған жоқпыз, меніңше бәрі енді басталатын сияқты! Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес. Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз! Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар; азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар. Бұл – өмір заңы. Әр қиындықтан кейін қуаныш барын ұмытпаймыз", – деді Әлімханұлы.

Сонымен қатар боксшы допингке қарсы екенін атап өтті.

"Мен допингке қарсымын! Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын! Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті. Талқылай бергеннен, уайымдай бергеннен тағдыр өзгермейді. Ең бастысы – ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі.

Ардақты ағайын, біз әлі ӘЛЕМ чемпионымыз! Алдымызда талай додалар күтіп тұр! Жеңісті күнде жүздесейік! Қолдауларыңызға рақмет!", – деді Әлімханұлы.

 

Айта кетейік, 2025 жылғы 2 желтоқсандағы Voluntary Anti-Doping Association (VADA) тестілеуі кезінде Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат анықталған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар