Орталық референдум комиссиясы дауыс беру күні екі талап-арыз түскенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:41
- 48
Қазақстанда республикалық референдум күні сотқа екі талап-арыз түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілованың мәліметінше, екі өтініш те сотта қаралған. Алайда талапкерлердің уәждері расталмаған.
“Талап-арыздардың бірі, Ақтөбе облысында дауыс беру учаскесінде Брайль қарпімен жазылған трафареттің оқылмауына қатысты болған. Екіншісі, Астанадағы учаскелік комиссияның бақылаушыны учаскеден шығару туралы шешіміне байланысты берілген. Істерді қарау қорытындысы бойынша соттар талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан”, – дейді Жанәбілова.
Дауыс беру күні 35 өтініш түскен. Арасында референдумға қатысы жоқ мәселерге қатысты болған. Аумақтық комиссиялар қолданыстағы заңнамаға сәйкес 33 өтінішке жауап бер
“Түскен өтініштер республикалық референдум туралы заңнаманы түсіндіру, референдумның мәні, ұйымдастыру мәселелері, соның ішінде учаскелік комиссиялардың жұмысы мен шетелдегі дауыс беру, референдумға қатысы жоқ өзге де мәселелерге қатысты болды”, – деді ол.
Аумақтық комиссиялардың мәліметінше, ең көп өтініш Астана, Алматы, Маңғыстау облысында тіркелген. Ал Шымкент қаласы, Абай және Қызылорда облыстарында – 3 өтініш, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында – 1 өтініштен түскен.




