Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды
Сурет: КазТАГ
Достық Плаза» сауда орталығының маңында төбелес болған.

Алматыда ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Казачковтың жазуынша Матаев «Бұзақылық» бабы бойынша күдікке іліккен.

17 наурызда «Достық Плаза» сауда орталығының маңында төбелес болып, полиция жанжалға қатысқандарды ұстаған. Олардың арасында Матаев та болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Алматы полициясы ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ішімдік ішкен екі ер адам ойын-сауық орнынан шыққан кезде жанжалдасып қалған. Соңы төбелеске ұласқан. Полиция төбелеске қатысушыларды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Бұған қатысты ҚазТАГ редакциясы да мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта редакцияда болған жағдай туралы толық ақпарат жоқ. Біз құқық қорғау органдары мен адвокаттардан егжей-тегжейлі түсініктемелер күтеміз және объективті тергеу жүргізіледі деп сенеміз. Барлық мән-жайлар анықталғанға дейін алдын ала қорытынды жасамауларыңызды сұраймыз», – делінген мәлімдемеде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар