Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
Фото: freepik
Сот материалына сәйкес, қаңтарда Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды Kyn.kz.

Оған Көкшетау тұрғынынан ұсыныс түскен. Ол заңсыз мәмілені әшкерелеу мақсатында полицияға ерікті түрде жәрдемдескен.

Ақпанда күдікті медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетауға барған.

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Бүйрегін сату туралы хабарландыруды алимент бойынша берешегінің болуына байланысты жариялағанын түсіндірді.

Оған 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар