Қоғам
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:55
- 48
18 наурыз күні Қарағанды–Балқаш тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kyn.kz.
Оқиға Астана – Қарағанды – Алматы республикалық автожолында, Ақшатау ауылынан шамамен 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.
Салдарынан жүргізуші мен көлікте болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Келесі мақала



