Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"100 миллионнан астам табыс тапқан": "ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін жасап, сатқан

"100 миллионнан астам табыс тапқан": "ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін жасап, сатқан
Сурет: видеодан скриншот
ХҚКО-ның қызметкерлерінің жүргізуші куәліктерін заңсыз ақшалай сыйақыға рәсімдеген.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мамандандырылған ХҚКО-ның қызметкерлерінің жүргізуші куәліктерін заңсыз ақшалай сыйақыға рәсімдегенін анықтады,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Астана қаласында бұрынғы Мамандандырылған ХҚКО-ның басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алып, азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға көмектескен.

“Процестік түрде 100 миллион теңгеден асатын жалпы сомада 60-тан астам факті рәсімделген”, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұз қаласындағы “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ филиалдарының басшылары емтихан тапсыруды жалған тұлғалар арқылы ұйымдастыру үшін ақша алған.

“Сондай-ақ Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алу кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері анықталды”, – деп қосты комитет.

Деректер бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар