Наурыз мейрамы: Алматыда екі күнге бірқатар көше жабылады
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 наурыз, 2026
- 403
Алматыда Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты Омаров көшесінде 20–21 наурыз күндері автокөлік пен қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр.
Қала билігі тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, биыл Алматыда Наурыз мейрамы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі мерекелік орындар ретінде Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы және Панфилов көшесі белгіленген.
йрам
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде сөз сөйледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




