Қоғам
Жаңаөзенде 8 айдан бері із-түссіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр
- автор kyn.kz
- 23 наурыз, 2026
- 260
Жаңаөзенде 47 жастағы Дина Жарылғасованы іздеу жарияланды. Ол өткен жылдың тамыз айында жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Kyn.kz.
Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілерінен алынған ақпаратқа сәйкес, әйел 1-ші микрорайонда тұрған. 2025 жылғы 5 тамызда сағат шамамен 19:00–де ол үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабар-ошар жоқ.
Туыстарының айтуынша, жоғалған әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі қалыпты.
Ғайып болған күні Дина Жарылғасова ақ бұршақтың суреті бар қара көйлек пен ұзын қызыл өрнекті жилет киіп жүрген. Оның қолында кішігірім хаки түсті сөмке болған.
Туысқандары мен еріктілер әйелді көрген-білген болса, қандай да бір ақпарат білсе хабарласуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




