Су тасқынына дайындық: Шығыс Қазақстанда қар қатты еріп жатыр
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:14
- 2
Шығыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі басталды. Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
"Құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын бақылап, су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып тексеріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аталған жұмыстар жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалауға, тасқын қаупі туындаған жағдайда уақтылы шаралар қабылдауға бағытталған.
Бақылау нәтижелері бойынша гидрологиялық жағдайдың тұрақты екені анықталды. Облыстың көптеген өзенінде мұздың әлсіреуі байқалады, ал кейбір өзендерде мұздан ашылу жүріп жатыр. Қауіп төндіретін су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
“Бос сөздің керегі жоқ“: Президент патриотизм туралы айтты
- авторkyn.kz
- 22 наурыз, 2026




