66 адам қаза тапты: Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:18
- 1
Колумбияның оңтүстігінде әскери ұшақ құлады. Ұшақ бортында ондаған әскери қызметкері болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше, 23 наурызда Пуэрто-Легисамо (Путумайо) қаласының маңында болған. Колумбия Әскери-әуе күштеріне тиесілі Hercules ұшағы әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 66 адам мерт болған.
Ұшақ аймақтағы әскерлерді ротациялау мақсатында 27-бригаданың сарбаздарын тасымалдаған.
Алдын ала болжам бойынша, ұшақ көтерілу кезінде қажетті биіктікті жинай алмай, қиындықтарға тап болған. Ұшақта барлығы 128 адам болған.
Колумбия Қарулы Күштерінің қолбасшысы, генерал Уго Алехандро Лопес Барретоның айтуынша, апат құрбандарының саны сағат санап нақтылануда.
1. Қаза тапқандар: 66 адам (58 армия сарбазы, 6 ӘӘК қызметкері және 2 полицей).
2. Аман қалғандар: 57 адам түрлі жарақаттармен құтқарылды.
3. Хабар-ошарсыз кеткендер: Тағы 4 адам әлі де іздестірілуде.
«Бұл — біздің қауіпсіздік күштеріміз үшін орны толмас қаза. Hercules ұшағы әскерлерімізді тасымалдау кезінде трагедияға тап болды», — деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Педро Санчес.



