Қоғам
Қазақстанда алдағы күндері +30 градусқа дейін күн жылынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:36
- 32
Алдағы күндері еліміздің көп аймақтарында күн жылы болады.
"Қазгидромет" алдағы үш күнге 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері жауын-шашынсыз, күн жылы болады.
Еліміздің батысында жаңбыр жауады, түнде найзағай болуы мүмкін. Ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. 26 наурызда Солтүстік Қазақстанда, Шығыс Қазақстанда 27-28 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Елімізде тұман болып, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
- Батыс пен солтүстік-батыста күндіз 15–25 градусқа дейін жылы болады;
- Солтүстік пен шығыста 10–17 градусқа дейін жылы;
- Орталықта 13–24 градусқа дейін жылы;
- Оңтүстікте 21–30 градусқа дейін жылы;
- Оңтүстік-шығыста 18–27 градусқа дейін жылы;
- Таулы аймақтарда 10–15 градусқа дейін жылы болады.
Келесі мақала




