Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екі оқушыдан 3,2 млн теңге алған мұғалім сотталды

Екі оқушыдан 3,2 млн теңге алған мұғалім сотталды
Фото: freepik
Ақтөбе қаласының №2 соты бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы П-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Kyn.kz.

Сотталушы 2024-2025 жыл аралығында оқу орталығында мұғалім болып жұмыс істеп, 2 жәбірленушіні бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытатын мектепке конкурстан тыс белгілі бір ақша төлеу арқылы түсіруге көмектесемін деген жалған ақпарат беріп алдаған.

Нәтижесінде сотталушының қылмыстық әрекеттері салдарынан 2 жәбірленушіге жалпы 3 200 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

 Сотталушы сот отырысында өз кінәсін мойындады.

Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын, келтірілген залалды толық өтегенін ескерді.

Қылмыстық жауаптылығы мен жазасынауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар