Қоғам
«Бай-бағланның баласын» қорғаштайтын полиция қызметкерлерін қызметінен босату жеткіліксіз — депутат
- автор kyn.kz
- 27 наурыз, 2026
- 117
Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, тек қалалық полиция департаменті басшысын қызметтен босату жеткіліксіз, деп хабарлайды Kyn.kz.
«Мен өзім Әл-Фараби даңғылы бойында тұрамын. Күн сайын сол жерде жүйткіп жүрген қымбат, жүйрік көліктерді көремін. Бірақ олардың жауапқа тартылып, жазаланғанын байқамаймыз. Сондықтан бүкіл ел бойынша ішкі істер органдарында ауқымды тазарту жүргізу қажет. Мұндай ерке балалар — жоғары лауазымды шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлердің балалары. Оларды департаменттердегі кейбір қызметкерлер қорғаштайды», — деді ол.
Сондай-ақ депутат оларды жай ғана жұмыстан шығармау қажет екенін айтты.
Оның пікірінше, мұндай полиция қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына 11,1 млн келуші тіркелді
- авторkyn.kz
- 10 сәуір, 2026




