28 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, найзағай ойнайды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 00:44
- 23
Атырау облысында батыс пен оңтүстікте жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жел күшейеді. Жел шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Қызылордада кейде шаңды дауыл соғады, жел шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман күтіледі.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстікте және тау аймақтарында тұман, солтүстік-шығыста шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20, кейде 25 м/с. Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз жел екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік, солтүстік-шығыста кейде жаңбыр, найзағай, батыста тұман, орталықта шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып, екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр, тұман, найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, орталықта жел күшейеді. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20, күндіз кейде 23 м/с. Жезқазғанда жел екпіні 15–18 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман.
Павлодар облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыста тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстікте, орталықта тұман. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, оңтүстікте тұман. Өскеменде тұман болады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері аймағында жел күшейеді. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік, шығыста тұман.



