Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасқанына енесін кінәлады

Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасқанына енесін кінәлады
Инстаграм Рахмонов
Гүлайым Рахмонова отбасының бұзылуына балаларының туған әжесін кінәлады.

UFS жауынгері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонова екеуінің ажырасып кеткеніне бұрынғы енесі кінәлі екендігін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Гүлайым айтуынша, Шавкаттың анасы екеуінің арасына түсіп, келінін қаралап, оны балағаттаған.

«10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен өткізген енеме таңым бар… Басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері Шавкаттың табысы, таласқандары менің балаларымның несібесі… Аз уақытта көп нәрселер айтылар», – деп аяқтады сөзін Рахмонова.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында ауыр жол-көлік апаты болған еді. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Рахмоновтың әйелі мен ұлы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Әйелі осы іс бойынша айыпталушы болған.

Сот ісі қаралып жатқан кезеңде Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол ажырасқаннан кейін балалардың өзімен қалғанын айтып, олардың әкесі балалардың тәрбиесіне араласудан бас тартқанын меңзеді.

Кейіннен желі қолданушылары оның бұл әрекетін жол апатынан кейін жазадан құтылудың жолы деп жазған. Алайда оған белгілі заңгер Мейірман Шөкеев араша түскен еді.

27 наурызда шыққан сот үкіміне сәйкес Рахмонова 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеріп, жазасын 5 жылдан кейін өтейтін болды. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар