Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Фермерлерге пайдасын тигізеді»: Неліктен Қазақстан UPOV халықаралық одағына кіруі керек?

«Фермерлерге пайдасын тигізеді»: Неліктен Қазақстан UPOV халықаралық одағына кіруі керек?
KYN KZ
Аграрлық қоғамдастықта Қазақстан өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) қосылу мәселесі қайта көтеріліп, қызу талқыға түсті.

 Мемлекет 10 жыл бойы аталған ұйымның бақылаушысы болды, бірақ әлі күнге дейін толық қатысушысы болған жоқ. Егіншілер тұқым нарығындағы өзгерістер мен аймақтағы геосаяси өзгерістер аясында бұл шешім тұқым шаруашылығының дамуына, фермерлердің сапалы генетикаға қол жеткізуіне және аграрлық ғылымға инвестицияларына тікелей әсер етуі мүмкін деп санайды

Егер Қазақстан осы жүйенің қатарына қосылса шетелдік компаниялар өз сорттарын ресми түрде сата да, өндіре де алады. Ал фермерлер үшін  өнімділігі жоғары және құрғақшылық пен ауруға төзімділігі жоғары заманауи тұқымдарды сатып алуына мүмкіндік туады. Бұдан бөлек мұндай сорттарды пайдалану үшін арнайы лецензия қажет. Ал елдегі селекционерлер халықаралық компаниялармен бәсекеге түсуге мәжбүр болады.

Бұл саладағы мамандар сәуір айында Астана қаласында өтетін GrowExpo Astana халықаралық көрмесі де пікірталасқа жаңа серпін бере алады деп пікір білдіруде. Бұл көрмеге UPOV өкілдері қатысуы мүмкін және Қазақстанның ұйымға мүше болуы да қайта күн тәртібіндегі басты тақырыптың біріне айналады. 
UPOV-қа мүше болу фермерлерге, селекцияға және тұқым нарығына қалай әсер етеді? Бұған қатысты Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер Одағының төрағасы Байжан Уалханов өз пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, ұйымға кіру тұқым шаруашылығын жаңғырту үшін маңызды қадам болар еді. Қазір Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы жағдайы мәз емес. Өйткені Ресей 1997 жылдан бастап UPOV құрамына кірді, Өзбекстан мен Қырғызстан конвенцияға 2000 жылдардың басында қосылды. Бұл оларға әлемдегі ең ірі селекциялық орталықтармен тікелей жұмыс істеуге және өсімдіктердің жаңа сорттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.


«Қазіргі таңда көптеген еуропалық компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге және жоғары репродукциялы тұқым өндірісін орналастыруға дайын. Бірақ Қазақстанның UPOV мүшелігінде болмауы –  олардың авторлық құқығы қорғалмағанын білдіреді. Бұл инвестиция үшін басты кедергі», - деп атап өтті Уәлханов.
Уәлханов бұлай жалғаса берсе Қазақстан бұл саладағы үлкен инвестициядан қағылып қалуы мүмкін екенін айтты. Ал көрші өзбек және қырғыз елдерінде осы салаға қатысты бірнеше жобаның келіссөздері жүргізіліп жатыр. 

Бұл ретте ол UPOV-қа кіру ең алдымен қазақстандық аграршыларға пайда әкеледі деп есептейді.
«Фермер одан тек пайда көреді. Ол Қазақстанда өндірілген еуропалық селекцияның дәлелденген тұқымын сатып ала алады. Сапа мәселесі туындаған жағдайда Ресейге барудың қажеті болмай қалады.  Қазақстандық семхозға тікелей жүгінуге болады. Бұл логистика тұрғысынан арзанырақ және оңай», - деп түсіндіреді одақ басшысы.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар