Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан көз жұмған ер адамның адвокаты жаңа дерек айтты

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан көз жұмған ер адамның адвокаты жаңа дерек айтты
Сурет: t.me/kris_p_almaty_kz
Жол апатынан қаза тапқан 29 жастағы ер адамның отбасымен күдіктінің туыстары татуласуға барған.

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 29 жастағы ер адамның отбасымен күдіктінің туыстары татуласуға әрекет еткен. Алайда олар бұл ұсынысты қабылдамапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна дерегінше, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан марқұмның артында алты жасар қызы қалған.

"Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, мән-жайды анықтау үшін бейнежазбалар, банк құжаттары және ұялы байланыс деректері сұратылған. Сонымен қатар жол апатының себептері, көліктердің жылдамдығы мен соқтығысу күші бойынша сараптамалар тағайындалған. Күдікті қазір ауруханада жатыр, кейін тергеу изоляторына қамалуға тиіс", - деп хабарлары телеарна тілшілері.

Одан бөлек тараптар арасында татуласу әрекеті болғаны, десе де марқұмның отбасы бұл ұсыныстан бас тартқаны жөнінде де белгілі болды. Бұл туралы қайтыс болған азаматтың адвокаты Олег Чернов мәлім еткен.

"Қазіргі таңда ол жерде бейнежазба жұмыс істемегені немесе сақталмағаны анықталды. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы бойында жарыс ұйымдастырылғаны тексерілуде. Қазіргі уақытта татуласу мәселесі көтерілген жоқ. Қарсы тарап келген, алайда менің сенім білдірушілерім  татуласу ұсынысын қабылдамады", - деді ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар