Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қызына сыйлық берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:41
- 33
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанның туған күн кешінде әнші Қарақат Әбілдина екеуінің қызына сыйлық жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қарақат Әбілдина өзіне аса қымбат, ұзақ жыл сақтап келген дизайнерлік бұйымын өнерге қадам басып жатқан, жас әнші Айымға сыйға тартты.
Мүшел жасқа кіргенін айтқан әнші Айымға ақ тілегін айтып, сыйлығын тарту етті.
“Үлкен сахнаға абыроймен жүргенімізге 30 жыл толады екен. Ал Айымның жолы енді басталып жатыр, осыған орай, “Бізден де асып өте ғой, біздің жолымызды берсін” деп ырымдап осы әдемі, дизайнерлік дүниені алып келдім. Мұны кезінде қатты ұнатып, арнайы өзіме тіктірген едім. Мүмкін, қызыма қалады деп ешкімге бермей, сақтап жүрген дүниемді Айымға тарту еткім келеді”, – деді әнші.




