Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Менде үміт болды": блогер Елдос Қадырхановтың әйелі жан сырын ақтарды

"Менде үміт болды": блогер Елдос Қадырхановтың әйелі жан сырын ақтарды
Сурет: ашық дереккөздерден
Елдос Қадырхановтың әйелі күйеуінің диагнозы бола тұра тұрмысқа шыққан.

Белгілі блогер Елдос Қадырхановтың жұбайы Таңшолпан Шотаева қазіргі өмірі туралы айтты. Ол күйеуінің диагнозы болса да балалы  болатынына сенген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы блогер “Мамский әңгіме” подкастына айтып берді.

“Менде үміт болды. Ол маған диагнозы туралы басында айтқан кезде жас қызбын, ол тақырып туралы онша білмеймін. “Қазір медицина дамыған, қорқатын ештеңе жоқ, ЭКО деген нәрсе бар, болады” дедім. Неге екенін білмеймін, бірақ мен сендім. Мен ол адамға бала үшін тұрмысқа шықпаймын ғой. Өзім сүйдім. Адам сүйгеннен кейін бәріне дайын болу керек деп ойлаймын. Оның баласы болмайды екен деп, бұрылып басқа адамға кетпеймін. Соңына дейін бірге барамыз деп қол ұстастым”, — дейді ол.

Күйеуі бала асырап алу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ оның үлкен жауапкершілік екенін айтып, өз баласы болатынына сенген.

Айта кетейік, блогерлер тоғыз жылдан кейін балалы болып, атын Әлем деп қойды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар