«Билік өкілеттігін асыра пайдаланған»: Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі бойынша рота командиріне қатысты тергеу аяқталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 сәуір, 2026
- 120
Гвардейск гарнизонында сарбаздың қаза табуына байланысты әскери бөлім ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, биыл 27 қаңтар күні сарбаз Е. Рустемұлының қаза болу себептерінің бірі болған Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.
«Тергеумен лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды. Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жариялауға жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстаннан көшіп кетті
- авторkyn.kz
- 19 сәуір, 2026




