Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.
Түркістан облысындағы Машат ауылында суға батып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекені Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.
Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2026




