Ыстамбұлда қазақстандықты атып кетті: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:01
- 34
31 наурыз күні Ыстанбұлда жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза тапты. Оқиға шамамен сағат 16:30-да Фатих ауданындағы Балабанага ықшамауданы, Зейнеп Камиль көшесінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сілтеме жасап.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі биылғы 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан Республикасы азаматының қатысуымен болған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде», – деп түсініктеме берді министрлік.
ҚР СІМ бұл мәселе ведомствоның бақылауында екенін атап өтті.



