Қоғам
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: ZEEKR жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:24
- 41
Алматыдағы жол апатына қатысты күдікті саналған көлік жүргізушісі тергеу изоляторына ауыстырылды.
Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты ZEEKR көлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша іс жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, ZEEKR электромобилінің жүргізушісі тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін ол ауруханада күзетпен жатқан.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда болған жол апатында бірнеше адам қаза тапты. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Келесі мақала


