15 жастағы қыз биіктіктен құлап кеткен.
Ақтау қаласында тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы қыз бала биіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 6 сәуір күні 13-шағынауданда болған. Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиғаға қатысты суицид нұсқасы қарастырылып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
«Аталған дерек бойынша Ақтау қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген мәлімдемесінде.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстаннан көшіп кетті
- авторkyn.kz
- 19 сәуір, 2026




