Спорт
Азия чемпионатында ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбай алтын алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2026
- 82
Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионында жеңіске жетті.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын жүлде салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
85 келіде Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен күш сынасты. Жекпе-жек нәтижесі бойынша 5:0 есебімен өзбек боксшысын жеңіп, ол алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Ал оның сыңары Айбек Оралбай аса ауыр салмақта қытайдағы қазақ боксшысы Данабек Байкенжемен шықты. Сөйтіп ұлттық құрама капитаны ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені салды.
Осылайша, Айбек — Қазақстан тарихында аса ауыр салмақтағы тұңғыш әлем чемпионы.




