Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қайғылы оқиғалар азаймай отыр»: Тоқаев өлімге әкеліп соқтыратын жол-көлік апаты жолдың сапасына қатысы жоқ екенін атады

«Қайғылы оқиғалар азаймай отыр»: Тоқаев өлімге әкеліп соқтыратын жол-көлік апаты жолдың сапасына қатысы жоқ екенін атады
Сурет: beton studio / Shutterstock / Fotodom
Тоқаев өлімге әкеп соғатын жол-көлік апаттарының себептеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде жол апаты оқиғалары мәселесін көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын мыңдаған адам жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза табады. Бұл көбінесе жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың салдары екенін атап өтті.

«Бұрын елімізде жол-көлік оқиғалары көп болады, себебі жолдар нашар деп айтылатын. Соңғы бірнеше жылда біз барлық өңірлерде жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуды жүзеге асырып келеміз. Алайда қайғылы оқиғалар азаймай отыр.

Бұл жағдай Үкімет пен бүкіл қоғам тарапынан ерекше назар аударуды талап ететіні анық. Жүргізу мәдениетін арттырып, азаматтардың барлық белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету қажет», – деді Президент.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар