"Баян апама сөзсіз ескерткіш қояды": журналист Баян Мақсатқызына қайран қалатынын жасырмады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:04
- 43
Белгілі журналист Ербол Мәндібек Баян Мақсатқызына Алматының қақ ортасында ескерткіш орнатылатынын айтты. Яғни, ол бүгін болмаса да болашақ ұрпақтың еншісінде екенін жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналисттің айтуынша, кәсіпкер күйеуіне жұмысшыларына 100 пәтер сыйлауды ұсынған Баян екен. Сол себептен мұндай қазақ әйелі құрметке ие болуы керек.
«Жұмаққа баратын екі адам болса, соның бірі Баян апам деп ойлаймын» дейді журналист. Ол Баянның күні кеше ғана айтқан ойы бай-бағландардың әйелдеріне айтылған үндеу секілді қабылдағанын алға тартты. Баян апамның бойындағы қазақылық ерекше көрінеді. Өзінің зәулім үйінің ауласына алты қанатты киіз үй орнатқан екен. Бұл да Баян Мақсатқызының қалауы екенін өтінішіммен жасалған», – дейді тілші.
Оның сөзінше, Баян күйеуін 180 градусқа өзгерткен. Тіпті оның балаларына дейін қамқорлық танытып отыр.
«Тұрсын ағамыз бұрын қандай еді, қазір қандай? Баян апамыз оны 180 градусқа өзгертті. Бұрынғы отбасынан туған балаларын да бауырына басып, қамқорлық танытып отырғанын естіп, көңілім толды. Баян апамның бойындағы даналық пен парасаттылыққа қайран қаламын. Меніңше, осындай қазақ әйелінің символына Алматының қақ төрінен ескерткіш орнатса артық болмас еді. Бүгінгі ұрпақ мұны істемесе де, болашақ ұрпақ Баян апама сөзсіз ескерткіш қояды деп сенемін», – дейді Ербол Мәндібек.




