Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Иранмен келісімге келе алмаған Трамп Ормуз бұғазын бұғаттайытынын мәлімдеді

Иранмен келісімге келе алмаған Трамп Ормуз бұғазын бұғаттайытынын мәлімдеді
Сурет: profile.ru
АҚШ президенті Тегеранға қысымды күшейту жалғасатынын атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы қозғалысты америкалық әскери-теңіз күштері толық бұғаттайтынын айтты. Иранмен келісімге келе алмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Осы сәттен бастап АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазына кіретін және шығатын кез келген кемені бұғаттау процесін бастайды. Сондай-ақ Иранға заңсыз алым төлеген кемелер халықаралық суларда ұсталады», – деді ол.

Трамптың сөзінше, АҚШ флоты бұғазға қойылған миналарды да жоюға кіріседі. Бұған өзге елдердің де қатысуы мүмкін екенін жеткізді.

АҚШ президенті Тегеранға қысымды күшейту жалғасатынын атап өтті.

Сарапшылар Ормуз бұғазындағы мұндай қадам жаһандық мұнай тасымалы мен әлемдік нарыққа тікелей әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар