Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада өрттен үш бала қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Астанада өрттен үш бала қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: видеодан скриншот
Тұрғын үйлердің бірінде өрт салдарынан қаза тапқандардың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Астанада Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде өрт болып үш бала қаза тапты. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазір оқиға орнында полиция мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

«Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт салдарынан қаза тапқандардың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында аумақ қоршауға алынып, арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін тиісті шаралар қабылданды», – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар