Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында оқушылар сабақ кезінде карта ойнаған: ескерту жасамаған мұғалім жұмысынан кетті

Түркістан облысында оқушылар сабақ кезінде карта ойнаған: ескерту жасамаған мұғалім жұмысынан кетті
Сурет: видеодан скриншот
Желіде сабақ үстінде карта ойнаған оқушылардың видеосы тарап кетті.

Түркістан облысында мектеп оқушыларының сабақ кезінде карта ойнауы қоғамда қызу талқыға түсті. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, 11-сынып оқушылары сабақ барысында топтасып, карта ойнауға кіріскен. Сол сәтте сыныптағы өзге оқушылар шулап жүрген. Алайда педагог тарапынан ешқандай ескерту жасалмағаны айтылды. Мұғалім телефонмен сөйлесіп, өз ісімен отырған.

Аталған жағдайға байланысты оқушылардың ата-аналарына ескерту берілді. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кеткен. Оның білім беру саласындағы еңбек өтілі 13 жыл болады.

Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайдың білім беру талаптарына қайшы екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті тәртіптік шаралар қабылданбақ.

Сонымен қатар мектеп басшылығына да қатысты шешім шығуы мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар