Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:40
- 61
Түркияда Ахмет Коюнджу атындағы кәсіптік-техникалық Анадолы лицейі аумағында қарулы шабуыл болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаны осы оқу орнының бұрынғы оқушысы жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ Haber арнасына сілтеме жасап.
14 сәуір күні таңертең қаруланған жас жігіт оқу орнының аумағына кіріп, аулада бей-берекет оқ жаудырған. Кейін ол ғимарат ішіне өтіп, оқушылар мен мұғалімдерге қару кезеніп, шабуылды жалғастырған.
Хабарланғандай, кейбір оқушылар терезеден секіріп қашуға мәжбүр болған. Қауіпсіздік күштері мектепті жедел түрде эвакуациялады.
Хасан Шылдак мәліметінше, атыс салдарынан 16 адам зардап шеккен: 10 оқушы, 4 мұғалім, бір полиция қызметкері және асхана қызметкері.
Шабуыл кезінде қаза тапқандар жоқ.
Губернатордың айтуынша, шабуыл жасаған адам бұрын осы мектептің 9-сыныбында оқыған, кейін “ашық орта мектеп” бағдарламасына ауыстырылған.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, полиция операциясы басталғаннан кейін ол сол қарумен өз-өзіне қол жұмсаған.



