Саясат
Эпштейн ісінде Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есімі аталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:02
- 110
Түркістан облысының бұрынғы әкімі, әрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеевтің есімі құжатты көрсетілген.
АҚШ-тың Әділет министрлігі атышулы қаржыгер Джеффри Эпштейнге қатысты жаңа құжаттарды жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Осы материалдарда Түркістан облысының бұрынғы әкімі, әрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Өмірзақ Шөкеевтің есімі де кездесетіні анықталған. Құжаттардың бірінде Эпштейннің жақын танысы, норвегиялық дипломат Терье Рёд-Ларсен, халықаралық қатынастар маманы Андреа Пфанцельтер және Эпштейн арасындағы хат алмасу келтірілген. Онда сол кезеңде қорды басқарған Шөкеев туралы сөз қозғалады.
Сонымен қатар, тағы бір хат алмасуда Шөкеевтің АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерспен кездесулері туралы айтылған. Саммерс Эпштейннің жақын ортасына кірген тұлғалардың бірі ретінде белгілі.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді қолдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2026
Саясат
АҚШ пен Иран уақытша атысты тоқтату жөнінде келісімге келді
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2026




