Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Есін жоғалтқан: Таразда оқушы төбелестен кейін бір көзінен айырылды

Есін жоғалтқан: Таразда оқушы төбелестен кейін  бір көзінен айырылды
Сурет: видеодан скриншот
Жарақат алған балаға ота жасалды.

Тараз қалалық орта мектебінде төбелес кезінде 10 сынып оқушысы көзінен айырылды. Төбелес үзіліс кезінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жарақат алған балаға ота жасалды. Отбасының айтуынша, жағдайы ауыр.

"Дәрігер көзін бөлшек-бөлшекпен құрастырғанын айтты. Ең болмағанда жұмыс істеуі үшін. Ол алдағы 10 күн өте маңызды екенін айтады."Инфекция миға жетпесін деп тілеңіздер. Баланың миы шайқалған, контузия алған. Ми шайқалып, көзі ағып кеткен және көз түбі толығымен шығып кеткен”, – деді анасы Зухра Каримов.

Оқиға ұлдардың киім ауыстыратын бөлмесінде болған.15 жастағы Дамирді 9 сынып оқушылары алып келген көрінеді. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, әңгіме бірден төбелеске ұласқан.

Зардап шегушінің досы көмектесуге тырысқанымен, оны ұстап тұрғанын айтады. Сол кезде Дамирді басынан ұрған. Десе де ол киім ауыстыратын бөлмеден өз бетінше шыға алған.

Мектеп оқушысына ота жасалды, алайда бала есін жоғалтқан. Алайда оны ұрғандардың қолынан темір затты байқап қалды.

Полиция оқиға бойынша іс қозғады.

"Ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды, оны уақытша ұстау изоляторына қамау шаралары қабылданып жатыр”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар