Семейде 6 жасар қыздың телефонына ер адам хат жазып, қоңырау шалған
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 сәуір, 2026
- 179
Әлеуметтік желіде дәрігер-гинеколог 6 жасар қызына бейтаныс ер адамның түнімен қоңырау шалып, хаттар жазғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жансұлу Жазыбаева өзінің жеке парақшасында бөліскен. Айтуынша, түнгі 22.15 шамасында қызының телефонына түн ішінде үлкен ер адам хат жазған және оншақты рет қоңырау шалған.
«Уақыт 15.04.26 жыл, сағат 22:13, Семей қаласы. Осындай надан, шектен шыққан адамдардың арамызда жүргенін жұрт білсе деймін! 6 жасар қызымның нөміріне түнде хат жазып, қоңырау шалған. Қыздарым қазір ұйықтап жатыр. Бұл – норма емес! Бұл – қылмыс! Мен ана ретінде бұған көз жұма қарай алмаймын. Ертең міндетті түрде тиісті орындарға барып, ресми түрде арыз жазамын», - дейді дәрігер.
Ол ата-аналарды балаларының телефонын тексеріп отыруға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ескі автокөліктерді сатып алу тетігін іске қосу мәселесі пысықталуда
- авторkyn.kz
- 17 сәуір, 2026
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды
- авторkyn.kz
- 17 сәуір, 2026




