Саясат
Таяу Шығыстағы жағдай: Қазақстан Иранмен жасалған бизнес жобаларды уақытша тоқтатты
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 сәуір, 2026
- 87
Вице-министр Иранмен азық-түлік және басқа да жобалар болғанын айтты.
Cыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың әсерінен көптеген Иранмен бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы сенаттағы брифингте сауал қойған журналистерге айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде.
"Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін", – деді Исетов.
Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.




