Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда вице-президент қашан тағайындалатыны белгілі болды

Қазақстанда вице-президент қашан тағайындалатыны белгілі болды
Сурет: ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі
Қазақстанда вице-президентті тағайындау мәселесі жаңа Парламент - Құрылтай жасақталғаннан кейін шешіледі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан журналистер Қазақстан вице-президенті қашан тағайындалатыны туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әшімбаевтың мәліметінше, Қазақстанда вице-президентті тағайындау мәселесі жаңа Парламент - Құрылтай жасақталғаннан кейін шешіледі.

"Бұл сұрақтың бәрі Мемлекет басшысының құзырында. Мұның бәрі жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін Президент тиісті шешім қабылдайды (...) Бұл мәселелер Конституциямызда жазылған. Ал Мемлекет басшысы қандай шешім қабылдайды - бұл оның айрықша құқығы", - деді Мәулен Әшімбаев.

Вице-президент институты жаңа Конституцияда бекітілген. Қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президентті тағайындауды және оның өкілеттіктер аясын айқындауды Президенттің өзі жүзеге асыратынын мәлімдеген болатын.

10 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетінін, ал Құрылтай сайлауы тамызда өтетінін еске салды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар