Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды

Ақтөбе облысында із-түссіз жоғалып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Бала үйінен шығып, қайта оралмаған.

Ақтөбе облысында Мәртөк ауданында жоғалып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін ТЖМ сүңгуірлері жоғалған Мансұр Саматовтың денесін тапты. Оның мәйіті Елек өзенінен жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдікте анықталды.

Іздестіру жұмыстарын Сарыжар ауылы маңында ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындар жүргізді.

Іздестіру жұмыстарына иірімді арна, қатты ағыс, қалың өсімдік жамылғысы, сондай-ақ лайлы әрі көріну деңгейі төмен су кедергі келтірген. 

Еске сала кетсек, 29 наурыздан бастап өңірде 4-сынып оқушысына тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілген. Бала үйінен шығып, қайта оралмаған. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар