Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі қамзол сыйға тартылды: министрлік мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:49
- 27
«Қыз жібек» фильміндегі қамзолды киген продюсер Баян Алагөзованың видеосы қызу талқыға түсті. Ол желідегі парақшасында киімнің өзіне сыйға берілгенін айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұған қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталуда», – деп хабарлады министрлік.
Жалпы киностудия ұлттық фильмдердегі құнды заттар мен тарихи костюмдерді жинап, оларды қалпына келтірумен тұрақты түрде айналысады.
Министрлік мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін, сондай-ақ қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты ақпарат беруге әрдайым дайын екенін атап өтеді.




