Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда зообақта арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады

Алматыда зообақта арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады
Сурет: видеодан скриншот
Ер адам арыстан отырған вольерге қарай тасқа ұқсас зат лақтырған.

Алматыда қалалық зообақта арыстандарға тас лақтырған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Кадрларда жігіттің арыстан отырған вольерге қарай тасқа ұқсас зат лақтырғаны көрінеді.

Құқық бұзушыны полиция қызметкерлері тез арада анықтап, бөлімшеге жеткізген. Оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, ер адамды кінәлі деп таныды.

“Жедел шаралар барысында оның кім екені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс нәтижесінде құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп хабарлады ведомство.

Зообақ әкімшілігі келушілерге жануарларды қорқытуға, ұруға немесе рұқсат етілмеген тағам беруге болмайтынын тағы да ескертті. Мұндай әрекеттер заңмен қатаң жазаланады. Ал қауіпсіздікті бейнебақылау камералары қадағалап отырады

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар