Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен кетті

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен кетті
Сурет: the-steppe.com
Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты.

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаарт агенттігі.

Құжатта директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биыл 7 сәуірінде қабылданғаны көрсетілген.

Айта кетейік, Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтарда кірген болатын.

Еске салсақ, Ерболат Досаев  наурыз айының соңында президент әкімшілігіндегі қызметінен кеткен.

Сәуірдің басында Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесіндегі орнын босатты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар