Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтарға мобильді аударымдар бойынша мамыр айында ескертулер келе бастайды

Қазақстандықтарға мобильді аударымдар бойынша мамыр айында ескертулер келе бастайды
Сурет: gov.kz
Қаржы вице–министрі Ержан Біржановтың айтуынша, барлық деректер жинақталған.

Қаржы вице–министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар бойынша салық органдарынан азаматтарға ескерту қағаздар жіберілетінін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Жұмыстың қорытындысы бойынша айтар болсақ, бүгінгі күнге барлық банктер өздеріндегі деректерді ұсынды. Біз бұл ақпаратты қабылдап алдық, қазір оны өңдеу және талдау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі кезеңде нақты қандай санаттар анықталатыны, қандай шаралар қолданылатыны туралы түпкілікті қорытынды айту мүмкін емес. Себебі алынған мәліметтерді мұқият талдап, салыстыру қажет», – деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, азамат туралы мәлімет бірнеше банктен түсуі мүмкін. Мәліметтер жинақталған соң, ескертулер мамыр айында жіберіле бастайды.

 «Сонымен қатар бір азамат туралы мәлімет бірнеше банктен түсуі мүмкін екенін ескеру керек. Сондықтан барлық деректерді біріктіріп, қайталанған деректерді жойып, сәйкестендіріп жатырмыз. Осы себепті қазір нақты сан немесе категория бойынша толық ақпарат беру мүмкін емес. Жалпы, біз барлық деректерді жинадық, енді оларды жүйелеп, талдау нәтижесіне қарай тиісті шешімдер қабылданады. Бұған қатысты алғашқы хабарламалар мен ескертулер тек мамыр айында жіберіле бастайды», – дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар