Шымкентте 56 жастағы әйел көлік қағып өлтірді: күдіктінің туыстары марқұмның отбасына 2 млн теңге мен бір қой ұсынған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:35
- 56
Шымкент қаласы, Темірлан елді мекенінде 56 жастағы әйелді көлік қағып, ол ауыр жарақаттан көз жұмған. Марқұмның жақындары іс әділ өтпей жатқанын айтады. Бұл туралы қызы Threads әлеуметтік желісіне жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Марқұм әйелдің қызы анасын көлік 20 метр жерге дейін сүйреп апарған. Алайда көлік жүргізушінің берген айғақтары бірнеше рет өзгерген.
«Менің анам бір ай бұрын жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды. Жүргізуші оны қаққаннан кейін анам сол жерде қаза тапты. Анамды жолға жүгіріп шыққанын айтады, бірақ бұл шындыққа мүлдем келмейді, куәгерлер жүргізуші алғашқыда «ит қағып кеттім» деп айтқанын, кейін телефонмен сөйлесіп, өз сөздерін өзгертіп, анамның өз бетімен жолға шықты деп өзгерді. Өте қатты соққы болған, сау жері жоқ денесінде, 20 метр жерге сүйреп апарып, үстінен тағы да қағып өткен. Бұл істе әділетсіздік бар. Тергеуші куәгерлерді тергемеді, олар жүргізушінің бастапқыда өтірік айтқанын растай алады. Жүргізушінің айғақтары бірнеше рет өзгерді, ол өзінің не қағып кеткенін де білмеген, көрмеген. Сотқа дейінгі тергеу өте беталыссыз жүрді, мамамның денесі үйге келмей жатып, ол адамды 10 сағаттан кейін үй қамаққа шығарған, бізді шақырмаған, арыз да алмаған. Бізде кінәлі адам нақты жаза алмайды деген алаңдаушылық бар», - дейді марқұмның қызы.
Кешірім сұрап келген көлік жүргізушінің туыстары қайғы жұтқан отбасыға 2 миллион теңге мен бір қой ұсынған.
«Кредиттеры бар соларды, өтеп берсін деп үлкендер жағы сөйлесті, бүкіл справкалар бар кредиттеры бойынша, 6 млн жобасынан асады. Біз анамыз қайтып келмейді, қалған қарыздарды жабуды ұсындық, себебі адам өлтірген адам жауапкершілікті мойнына алуы тиіс. Әкем денсаулыгына байланысты жумыс істемейді, үйде отқан адам. Мұрагерлікті 22 жасар сіңілім алады, және оның мойнына 6 млн карызы да ілінеді. Олардың жауабы 2 миллион теңге, машинада бір қой бар түсіріп алып қалыңдар деп міндетсініп келген үйде кішкентай екі сіңілім болған кезде. Бұлар бізге шынайы өкініш емес, керісінше жүргізушінің жазасын жеңілдетуге барынша тырысып жүр, үйде біз жоқта, әкеме келіп кешірім бере сал, ауылдас, жас бала, қол қойып бере сал дейді. Ешқандай өкініш жоқ, не кешірім сұрау жоқ, не бір асын біз көтерейік деген де әрекет жоқ», - дейді ол.
Айтуынша, тергеуде куәгерлер сұралмаған. Ал көлік жүргізушісі үйінде жүрген көрінеді.
«Біз тергеуге де ауылдың сотына да сенімсіздік білдіреміз.Резонанс туғанын, және қолдау күтеміз. Анамнын жасы небәрі 56», - деп жазды бойжеткен.




