Кішкентай қыздың бетінен жұдырықпен ұрған: тәрбиеші бөлімшеге жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 19:02
- 49
Теміртау қаласындағы балабақша тәрбиешісі кішкентай қызға қол көтерген. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы әйлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінге қол көтерген. Бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғады.
Болған оқиға туралы жәбір көрген қыздың анасы әлеуметтік желіде айтып берген. Содан кейін 36 жастағы тәрбиеші ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Айта кетерлігі, бұл инцидент бойынша ата-аналардан полицияға ресми арыз түспеген.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен қатар орындамау немесе тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция департаментінен.
Теміртау қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрылғанын және жан-жақты объективті тексеру үшін қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.


