Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жүр сақина беремін": Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды ұрлап әкетпек болды (ВИДЕО)

"Жүр сақина беремін": Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды ұрлап әкетпек болды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Белгісіз біреу тұрғын үй алабы ауласынан баланы алып кетпек болған.

Ақтөбеде полицейлер кішкентай қызды ұрлау әрекеті туралы хабарламадан кейін қызды ұстады. Оқиға қаладағы тұрғын үй аулаларының бірінде тапа-тал түсте болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің редакцияға айтуы бойынша, белгісіз біреу Есет батыр ауданындағы тұрғын үй алабы ауласынан баланы алып кетпек болған.

"Аулада ойнап жүрген кішкентай қызды белгісіз қыз шақырған. Ол "жүр, саған сақина беремін" деп, баланы алдап алып кетпек болған. Сонымен қатар ол баладан сырғасы бар-жоғын сұраған. Бала барғысы келмеген, бірақ қыз оны көндіруге тырысқан. Сәті түскен бойда бала қашып кетіп, дүкенге жасырынған", – дейді куәгерлер.

Оқиға дүкендегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тұрғындар полиция шақырып, учаскелік инспекторға жүгінген.

БАҚ-тың хабарлауынша, Ақтөбе полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жедел уәкілдер қызды мән-жайды анықтау үшін бөлімге жеткізгенін хабарлады:

"Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр, оқиғаның себептері мен егжей-тегжейі анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады ПД.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар