Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мамыр айынан бастап ЖИ имам қазақстандықтар сұрағына жауап беретін болады

Мамыр айынан бастап ЖИ имам қазақстандықтар сұрағына жауап беретін болады
qazaly.kz
Бұл бастама ағымдар мен түрлі арам пиғылдардың арбауынан қарапайым халықты қорғайтын жүйе болмақ.

Елімізде мамырдан бастап виртуалды имам іске қосылмақ, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жаңа қосымша дін туралы сұрақтарға тез жауап беруге мүмкіндік береді. Ол имамдарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Азаматтардың сұрақтарына берілетін жауап тексерілген әрі сенімді дереккөздерге сүйене отырып беріледі.

Бұл бастама қате түсіндірмелердің, бұрмаланған ақпараттың және жалған мәліметтердің таралуына жол бермейді деп күтілуде. Дін саласына жасанды интеллектінің енгізілуі — заман талабы, дейді мүфтият өкілдері.

"Біздің пәтуа бөлімінің дайындаған құнды еңбектері бар, ол жерде дайын сұрақ‑жауап форматында. Яғни оразаға қатысты, зекетке қатысты, қажылыққа қатысты, құрбандыққа қатысты, былайша айтқанда, негізгі сұрақтар сол жерге енгізілді. Қазір бұл жобаның 80-90 пайызы дайын, Алла қаласа, күні кеше жиналыс өтті, сол жерде, жалпы бұл жобаны мамыр айының алғашқы жартысында іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз", - дейді ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынханов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар