Қоғам
"Жұмыстан жалтару үшін магистратураға түскен": "Болашақ" стипендиясына қатысты схема жасалынғаны айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:36
- 52
Мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңге.
Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин «Болашақ» бағдарламасы бойынша жасалған әрекеттер туралы айтты. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Білім алып келіп, шарт бойынша міндетті жұмыс өтемеу үшін стипендия иегерлері схема қолданған.
«Сонымен қатар, міндетті жұмыспен өтеуден жалтарудың магистратураға түсіп, кейін оқудан шығу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схемасы да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңгеге бағаланады», - деді Каскин.
Айта кетейік, бүгін ол сондай-ақ министрлік 300-ден астам адамға өз қалауынша стипендия берілгенін және 2022-2024 жылдары 24 мыңнан астам азамат оқудан шығып қалғанын айтқан болатын.



